Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

17 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Шымкентте түнде тұман болады деп болжанады.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Атырауда күндіз қалың қар жауады, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады деп күтіледі. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Петропавлда да оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының Алакөл ауданы маңында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 25 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында, таулы аудандарында түнде 26 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде шығыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Абай облысының оңтүстік-батысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-шығыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні - 15 м/с. Ақтауда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.

Сурет: egemen.kz
17 желтоқсан 2023 ж. 285 0