Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтатады

Телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтатады

Мәдениет және ақпарат министрлігі 23 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтататынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ.уақыты бойынша) «Қазмедиа орталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып профилактикалық жұмыс жүргізетін болады.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етеміз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.

Фото: egemen.kz
19 желтоқсан 2023 ж. 202 0