Синоптиктер жаңа жыл қарсаңындағы ауа райы болжамын жариялады

Мамандардың хабарлауынша, ел аймақтарында атлантикалық циклон әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ боран, көктайғақ және 15-28 м/с екпінді жел болжануда. 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік өңірлерде 30 м/с қатты жел күтіледі. 30 желтоқсанда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде ауа температурасы 7-15 градус аязға дейін, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 3-13 градус аязға дейін жетеді.
Фото: stan.kz