Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Цифрлық әлем - ақпараттық сауаттылық» тақырыбында апталық шарасы өтті

«Цифрлық әлем - ақпараттық сауаттылық» тақырыбында апталық шарасы өтті

Арал көпсалалы колледжінде 2023 жылдың желтоқсан айының 21-26 күндері аралығында «Ақпараттық технология және экономика» пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Цифрлық әлем - ақпараттық сауаттылық»  тақырыбында апталық шарасы өтті.
Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Білімге деген қажеттілікті сезіну білім алу үшін өз бетінше іздену жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу, сабақта ғана емес сыныптан тыс жұмыстарда жүзеге асырылуы керек. Осындай жұмыстардың бір бағыты пәндік апталық болып саналады.
Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, студенттердің білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып  компьютерлік сауаттылықтарын арттыру аталмыш шараның негізгі мақсаты болып табылады.Апталық барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілуде, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, жас кәсіпкерлермен кездесу кештері ұйымдастырылды.
Апталықтың соңғы күні «Цифрлы Қазақстан» тақырыбында студентермен қорытынды кеш өтіп, сұрақ-жауапқа ұласты.
Ұстазда шәкіртте бас иетін
Компьютер бар сенің қасиетің
Бір емес бірнеше іс атқаратын
Жалғыз өзің мыңның ісін атқарасың демекші,- студенттерге  ұялы телефон арқылы кюар код арқылы жасырылған сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Апталық қонағы ауданға белгілі әнші Алмағамбетов Қайрат ән шырқап, жақсы көңіл күй сыйлады.
Колледж әдіскері Бәйімбетова Алтынай апайымыз апталық шарасын қорытындылап,  студенттерді мараппатады.
Осылайша, қызықты тапсырмалармен шәкірттердің біліктіліктерін арттыруды көздеген апталығымыз өз мәресіне жетті.
Тажибаева Замзам Дайрабаевна
Арал көпсалалы колледж арнаулы пән мұғалімі

30 желтоқсан 2023 ж. 427 0