Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім – бәсекелестік баспалдағы

Білім – бәсекелестік баспалдағы

Білім беру мен ғылымды дамыту бүгінгі таңда тәуелсіз елеміздің алдына қойған басты мақсаттарының бірі. Әлем елдерімен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, елдің жаңашылдыққа бейімделе отырып дамудың жаңа деңгейіне көтерілу үшін расында білім беру саласында айтарлықтай серпін қажет. Және ол қадам жасалып та жатыр. Соның ішінде қазіргі жастарға уақыт талабына сай цифрлық оқыту, меңгерту өте маңызды.
Иә, бүгінгі жаһандану заманында еліміздің ұлттық құндылығы мен бәсекелесу қабілеті туралы ақпараттар, адам капиталының интеллектуалдық даму өлшемі aрқылы aнықталады. Бәсекеге қабілетті, қазіргі заманның жан-жақты тұлғасы болу үшін, білім беру жүйесін тиімді қолдану керек. Атап айтсақ, білім беру жүйесін жаңашаландыру кезінде білім берудің жаңа технологиялар мен әдістерді түрлендіру, педагог мамандардың білім сапасын жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандарттарын жандандыру, жалпы, орта мен жоғары білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың біліктіліктерін aрттыруға бағытталған жұмыстарды күшейтудегі негізгі шараларды жүзеге асыру керек екендігін белгіледі.
Осы мақала арқылы оқытудағы цифрлық білім беру ресурстарының өзектілігіне тоқталғанды жөн көрдім. Жалпы цифрлық оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас болғанымен, уақытты тиімді әрі жаңа білімді алуда мәліметтердің толықтығы игеріледі. Оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылатын ол оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелеңұрпақтыбүгінгі өзгермелі заманда қашықтан білім алу жүйесінде өз ерекшелігімен оқшауланады. Компьютерлік сабақтарды өту барысында, шығармашылық жұмыстармен айналысуда және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуде оқушы мен мұғaлімнің арасында жаңа қарым-қатынас қалыптастырады.
Компьютерлік технологияның білім саласына алғаш қолданысқа келуі 1986 жылдар болса да, осы уақытқа дейінгі білім беру жүйесіне жаңаша оқытудың бірнеше формасы жүйелі білім алудың жолға қойылғандығын аңғартады. Дәстүрлі «электрондық оқулықтар» мен «CD-ROM-дардың» орнына цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мен дамыту мақсаты тұр. Міне, осы мақсатқа жету мұғалімдердің басты міндеті. Осы міндетімізді адал орындасақ, елдің ертеңі саналған өскелең ұрпақ келешектің кемел болуына бастайды.
С. ЖЫЛДЫБАЕВА,
Арал көпсалалы колледжінің арнаулы пән оқытушысы
04 наурыз 2023 ж. 505 0