Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Цифрлы технология – заман талабы»

«Цифрлы технология – заман талабы»

«Цифрландыру бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт»
Мемлекетті цифрландыру- бұл мақсат
 емес, бұл Қазақстанның абсолюттік
артықшылыққа қол жеткізу құралы
Н.Ә.Назарбаев


Арал  көпсалалы  колледжінің «Ақпараттық  қауіпсіздік жүйелері»  және «Маркетинг» мамандықтарының ұйымдастыруымен 18-23 сәуір күндері аралығында «Мамандықпен болашаққа нық қадам» атты апталық  өткізілуде.
21 сәуір күні колледжде «Цифрлы технология – заман талабы» тақырыбында семинар өткізілді.  Семинардың ашылу сәтінде колледж директорының міндетін атқарушы  О.Махашов студенттерге сәттілік тілеп жылы лебізін білдірді.
Семинар білім беру үдерісі барысында білім берудің технологиялары, әдіс-тәсілдері қолданылатындығын ескере отырып, өзекті мәселелер берілген тақырыппен ұштасатыра келе жетістікке апаратын қадамдарды көрсету арқылы әр тақырыпты түсіндіру барысында студенттерге неғұрлым түсінікті тілде жеткізу, информатика пәні компьютермен байланысты болғандықтан, цифрлі жүйені түсіну, қолдану, ағылшын тілін меңгеру, ұғыну барысында оқушылармен бірге талқылау, ең бастысы алдында орындалған жұмыс пен салыстыру арқылы өзін-өзі жетілдіру мақсатында  ұйымдастырылған «Цифрлы технология заман талабы» тақырыбына дайындалған баяндамалар тыңдалды.
 Ол жерде  Арал көпсалалы колледжі және Арал индустриалды-техникалық колледж студенттері қатысып, пән мұғалімдері жетекшілік жасады. Атап  айтар  болсақ, Арал индустриалды-техникалық колледж студенті Айділдаева Айдана жетекшісі Нурбаева Асем – «Смарт технология», Арал  көпсалалы  колледжінің студенттері Нағашыбаева Сандуғаш  жетекшісі Жылдыбаева Самал - «Интернетпен сауда жасау», Ізбасаров Ерболсын жетекшісі Тажибаева Замзам-«Өмір қажеттілігі QR», Қожабаева Іңкар  жетекшісі Оңайбекова Асылгул – «Біздің өміріміздегі интернет», Бақытбекова Ақбота жетекшісі Асқарова Галия – «Интернетпен сауда жасау»  тақырыбында дайындаған баяндамаларын қорғады.
Семинарды колледждің оқу-ісі жұмыстарының меңгерушісі Р.Жаймақова қорытындылап, қатысқан студенттерге сертификат және сыйлықтар табыс етті.

Замзам Тәжібаева Дайрабаевна,
Арал  көпсалалы  колледжінің арнайы пән оқытушысы
22 сәуір 2022 ж. 920 0