Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал

2024 жылға арналған жұлдыз жорамал

2024 жыл көпшілік жұлдызнама белгісі өкілдеріне табысын арттыруға мүмкіндік береді. Біреулерге бұл жыл отбасылық жағымды жаңалықтар сыйласа, басқалар мансап бойынша көтеріледі. Ендеше, 2024 жылға арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз.

Тоқты
(21.03-20.04)

Тоқтылар үшін 2024 жыл қаржылық жағынан табысты болады. Көктемде қосымша табыс табуға мүмкіндіктер туады. Сондай-ақ олардың айналасындағылармен қарым-қатынасы жақсы болмақ. Тоқтылар жақындары мен достарының тек сөзбен емес, іспен көрсететін қолдауына сенсе болады. Қандай да бір сұрақты шешкіңіз келсе, бірден қажетті адамдар мен мүмкіндіктер табылады.

2024 жылы тұлғалық өсуіңіз үшін мүмкіндіктер туады. Жылдың бірінші жартысында хал-жаңдайыңызға мұқият болыңыз: шамадан тыс жүктеме ауруларға және зақымдарға әкелуі мүмкін. Алайда жылдың екінші жартысы бұл жағынан үйлесімді болмақ. Салауатты өмір салтын сақтаңыз.

Жыл жаңа таныстар табуға және кездесулерге қолайлы. Әсіресе, шілде айы. Бұл айда Венера сіздің махаббат үйіңіз арқылы өтеді. Алайда жылдың екінші жартысында ерлі-зайыптылар қарым-қатынасында қиындықтар туындауы мүмкін, себебі қара Ай транзиті түсініспеушілік, жанжал, тіпті, ажырасуға әкелуі мүмкін. Сондықтан шешім қабылдау кезінде қызбалыққа салынбаңыз және сөздеріңізге абай болыңыз.

Жылдың соңында жұмыста достық атмосфераны сезесіз, әріптестеріңізден көмек аласыз және басшылықпен қарым-қатынасыңызды түзейсіз.

Торпақ
(21.04-21.05)
Жылдың бірінші жартысында амбицияңыз артады. Барлық іске жауапкершілікпен қарайсыз. Егер қосымша білім алу немесе біліктілігіңізді жоғарылату жайлы ұсыныс түссе, бас тартпаңыз. Бұл сіз үшін жаңа және ықпалды таныстар табуға жақсы мүмкіндік.

Сондай-ақ бұл кезеңде жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімін жасауға болады. Көктемде мансап бойынша көтерілуге және жалақыны арттыруға мүмкіндік туады. Сіз кез келген қиындықты жеңе аласыз және жұмыстағы тапсырмалардың барлығын орындай аласыз, сондықтан бастама білдіруден қорықпаңыз. Себебі көктемде бастаған жобалар сәтті болмақ.

Ал жаз мезгілі – отбасылы жандар үшін қолайлы уақыт. Бұл кезең жақындарыңызды жақсырақ түсінуге және көптеген сұрақтарды шешуге қолайлы болады. Үйдегі атмосфера жайлы болады.

Күзде тәуекелдерге бармаған жөн. Бұл әсіресе, бизнес және мансапқа қатысты. Денсаулыққа көңіл бөліңіз: жылдың екінші жартысында медициналық тексерістен өткен жөн.

Егіздер
(22.05-21.06)
Ұлу жылы Егіздер үшін жан-жақты болмақ. Сатурн 2024 жылы 12 ай бойы мансап үйіне қонады. Бұл бизнесте аздап қиындықтар болуы мүмкін екенін көрсетеді. Жылдың бірінші жартысында маңызды істер мен жобалар аяқталуы мүмкін. Бұл жыл сізден аяусыз еңбек етуді талап етеді. Сәйкесінше, сізге жаңа жұмыс табу қиынға соғуы немесе қазіргі жұмысыңыз шыдамдылықты қажет етуі мүмкін. Егер бизнес ашу ойыңызда жүрсе, оны сәл кейінге қалдырған жөн.

Жазда Егіздер үшін көптеген мүмкіндік ашылады. Жазғы айлар сізге энергия береді. Бұл жаңа байланыстар мен іскерлік шешімдер табуға жақсы кезең. Бұл кезде сондай-ақ қосымша табыс табудың көздері пайда болады.

Шаян
(22.06-22.07)
2024 жыл - Шаяндар үшін жауапты таңдау жылы. Жылдың басынан бастап мамырға дейін әлеуметтік байланыстарды қатайтатын, жаңа таныстар табатын, пікірлес адамдармен немесе командаңызбен қарым-қатынасты жақсартатын уақыт.

Бұл мансап бойынша алға жылжуға сәтті жыл, алайда көп нәрсе Шаяндардың тіл тапқыштығына байланысты. 2024 жылдың басында жолда және саяхатта абай болыңыз. Сондай-ақ көлік сатып алудың немесе сатудың қажеті жоқ.

2024 жыл - жылжымайтын мүлік, үй жөндеу жұмыстары және құрылыс бастауға қолайсыз кезең.

Жазда жалақыны көтеру мүмкіндігі жоғары, ал күз өзін-өзі дамытуға қолайлы. Эмоциялық қажеттіліктеріңізге аса мән беріңіз.

Арыстан
(23.07-22.08)
Қаңтарда қаржылық проблемалар туындауы мүмкін, сондықтан күмәнді нәрселерге араласпаңыз және ақшаны жайдан-жай жұмсамаңыз. Келісім жасарда мұқият болу керек.

Жылдың басында отбасыдағы қарым-қатынас позитивті эмоцияларға толы болмақ. Бұл жақындарыңызбен қарым-қатынасты реттеуге, неке қиюға және сенімді серіктестермен ұзақ мерзімді келісімдер жасауға жақсы уақыт.

Сәуір айы саяхаттауға және демалуға қолайлы. Бұл демалыстан жыл бойына жететін күш пен энергия аласыз. 2024 жылы мансапта жетістіктерге жетесіз. Әсіресе, сәуір-шілде аралығы сәтті кезең. Сіздің кәсіпқойлығыңызды басшылық та, айналаңыздағылар да бағалайды.

Жылдың соңында жылжымайтын мүлікке ақша салған жөн, бұл кездегі барлық ұсыныстар сіз үшін қолайлы болмақ.

Бикеш
(23.08-22.09)

Жылдың басында Бикештерге ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндіктер туады, ол ЖОО-ға оқуға түсу, ғылыми деңгейін қорғау немесе саяхаттау болуы мүмкін. Жалпы жылдың бірінші жартысы жақсы еңбек етуге, кәсіби дағдыларды жақсартуға және өзін-өзі жетілдіруге қолайлы болмақ. Алайда бұл кезеңде сіз жайлы өсек тарауы немесе сізге жала жабуы мүмкін. Бұл кезде сабырлық сақтап, оларға мән бермеуге тырысыңыз.

Көктемде Бикештерде жақсы қаржылық мүмкіндіктер пайда болады, ал серіктестермен және клиенттермен байланыс көп пайда әкеледі.

Күз отбасы құруды немесе жүктілікті жоспарлауға жақсы кезең.

Таразы
(23.09-22.10)

2024 жыл - Таразылар үшін отбасылық қарым-қатынастағы үйлесімділік жылы. Жылдың басы ипотека рәсімдеу немесе ұзақ мерзімді жобаларға инвестиция жасау секілді кез келген ақшаға қатысты операцияларға тиімді. Әсіресе, іскерлік салада жаңа таныстар табуыңыз мүмкін. Идеяларыңызды жүзеге асыруға көмектесетін жаңа серіктестер жолығуы мүмкін.

Денсаулыққа аса мән беру керек, қандай да бір жағымсыз белгілер байқасаңыз, бірден дәрігерге көрініңіз.

Жазда күтпеген және жоспарланбаған шығындар болуы мүмкін, алайда күзге таман бәрі қалпына келе бастайды.

Сарышаян
(23.10-21.11)

Жылдың бірінші жартысы іскерлік те, жеке де серіктестікте сәттілік әкеледі. Ұлу жолы болашақ жарыңызды кездестіруіңіз мүмкін.

Сарышаяндарда жаңа жобаға кірісуге ықпал ететін мотивация пайда болады. Мамырдан қазанға дейін абай болыңыз: қаржылық шығындар болуы мүмкін. Бұл кезеңді білім алуға, саяхаттауға және серіктестеріңізбен байланысты жақсартуға арнаған жөн.

Күз мансап бойынша өсуге қолайлы. Жаңа жобалардың арқасында өзін-өзі бағалауыңыз артады және өзіңіздің кәсіпқойлығыңызды дәлелдейсіз. Сондықтан бастамалардан қорықпаңыз.

Мерген
(22.11-21.12)

2024 жыл Мергендер үшін жемісті еңбек жылы. Жылды Мергендер сергек бастайды. Жұмысыңызда жағымды өзгерістер болуы мүмкін. Әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынас жеңістерге әкеледі. Алайда қолыңыздан жақсы келетін нәрсемен айналысыңыз.

Көктемде бұл жұлдыз белгісінің өкілдері жақсы ұсыныстар алып немесе сәтті келісімдер жүргізіп, қаржылық жағдайын жақсартады. Алайда наурыздан бастап абай болыңыз: шешім қабылдарда жақсылап ойланыңыз.

Жалғызбасты Мергендер жылдың екінші жартысында өз серігін кездестіруі мүмкін.

Тауешкі
(22.12-20.01)

2024 жылы Тауешкілер туыстарымен жақын бола түседі немесе бала көтеруіңіз, балалы болуыңыз мүмкін. Сондай-ақ бұл жыл шығармашыл адамдар үшін сәтті болмақ. 2024 жылы - өзіңізді және дарыныңызды көрсететін уақыт.

Мәдениет орталықтарына және шараларға жиі барыңыз, олар сізге энергия сыйлайды. Жалпы демалу жайлы ұмытпаңыз. Көктемде Тауешкілер уақытын үйге және отбасыға арнаған жөн. Құрылысқа, жөндеу жұмыстарына немесе жылжымайтын мүлік сатып алуға қатысты кез келген шаруы сәтті аяқталады.

Жазда достарыңызбен қарым-қатынасыңыз бұзылуы мүмкін: түсініспеушіліктер болуы немесе араларыңыз суып кетуі мүмкін.

Жылдың басы отбасылық сұрақтарды шешуге арналса, күз - Тауешкілер үшін мансапқа және кәсіби дағдыны жақсартуға мән беретін уақыт. 2024 жылы қызмет саласын өзгертудің қажеті жоқ. Білім алуға және ой-өрісіңізді арттыруға көбірек уақыт бөліңіз.

Суқұйғыш
(21.01-18.02)

2024 жылдың басы Суқұйғыштарға жылжымайтын мүлік сатуға немесе сатып алуға сәтті уақыт. Алғашқы бірнеше айда тұрмыстық сұрақтарды шешкен жөн.

Көктемде күшіңізді келісімдер жасауға жұмсаңыз. Бұл кезде маңызды құжаттарға қол қоюыңыз мүмкін. Ол сізге айтарлықтай пайда әкеледі. Егер көлік алу жоспарда болса, оны осы кезде алған жөн.

Шілде-қазан аралығында көп уақытыңызды балалар мен демалуға арнаңыз. Бұл жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартуға, жүктілік жоспарлауға жақсы уақыт.

Алайда заңға қатысты қиындықтар тууы мүмкін, сондықтан кез келген келісімге қол қоярда ұсақ етіп жазылған сөздерді мұқият оқыңыз, заңды бұзбаңыз және маңызды нәрсе бастарда заңгер кеңесін алыңыз.

Балықтар
(19.02-20.03)

2024 жылы Балықтар мақсаттарына жетуге және денсаулығын қатайтуға аса мән беру керек. Жылдың бірінші жартысы Балықтарға жаңа байланыстар орнатуға және айналаңыздағылармен сенімді қарым-қатынас құруға мүмкіндік береді.

Алайда бұл жұлдыз белгісі өкілдері өз денсаулықтарына аса мән беру керек. Күйзеліске түсуіңіз және шаршай беруіңіз мүмкін. Сізге жүктелген жұмыс көлемі мен міндеттерді қайта қарастырыңыз.

Мамыр-шілде аралығы өзіңізді кәсіби салада көрсетуге және өз дағдыларыңызды жетілдіруге жақсы уақыт. Сондықтан бұл кезде жаңа білім алуға қызығушылық тудырыңыз.

massaget.kz
Фото: ашық дереккөз 


01 қаңтар 2024 ж. 657 0