Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде Жаңа жыл қарсаңында қанша сәби дүние есігін ашты?

Елімізде Жаңа жыл қарсаңында қанша сәби дүние есігін ашты?

Жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 191 сәби, 101 ұл және 90 қыз дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мереке түнінде туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді – 38 бала, екінші орында - Шымкент қаласында 23 бала дүниеге келді және Алматыда 22 отбасы толығуды атап өтті.

Республика астанасында Жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүниеге келді.

Фото: ашық дереккөз 
01 қаңтар 2024 ж. 241 0