Қазақстанда аяз қайта күшейеді
Синоптиктер 4-6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы болжамы бойынша Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Елімізде жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.
«Тек елдің оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, түнде республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы 0-13 градустан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды», делінген хабарламада.
Фото: ашық дереккөз