Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңіз жұртшылығына қуаныш сыйлады

Теңіз жұртшылығына қуаныш сыйлады

Егемен Қазақстан газетінен «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек»деген тақырыппен жарық көрген Мемлекет басшысының сұхбатын оқыдық. Аталған сұхбатта газет тілшісімен бүкпесіз сұхбаттасқан ел Президенті елдегі мәселені ғана емес, жаһандық жаңалықтар жайында да өз ойын ашық білдіріп, көпшіліктің көкейінде жүрген түрлі сауалдарға жауап берді.
Иә, ел дамуы жолында көптеген тың бастамаларды қолға алып, оның жүзеге асуын тікелей қадағалап отырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жолғы сөзінен де алдағы уақытта ел дамуындағы жаңалықтарды күттік. Соның ішінде биылғы жаңа жылға жоспарланған жұмыстар көңілімізге қуаныш орнатты. Әсіресе «Біз ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы сыртқы сая¬сатты жалғастырамыз. 2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді» деген сөзі тек менің ғана емес, барша теңізбен тағдырлас Арал жұртшылығының төбесін көкке жеткізген шығар. Расында Аралдың тағдырына алаңдайтын басшысы бар мемлекетте табиғат-ананың берер ырзық-несібесі таусылмақ емес.
Біз САРАТС жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесін көрдік. Бұл өшкен үмітті жандандырып, кеткен байлығымыздың орнын орасан толтырды. Алдағы уақытта Мемлекет басшысының назарындағы Арал теңізінің ахуалы әлі де жандана түседі деп сенемін.
О.ЖЕКСЕМБАЙҰЛЫ

Фото: ашық дереккөз 


06 қаңтар 2024 ж. 311 0