Бюрократиядан арылтудың алғашқы қадамдары жүргізілуде
Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі- төрағасының 2017 жылғы
21 ақпандағы Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы №40 бұйрығына толықтырулар енгізілді.
Өзгерістерге сәйкес, аталған бұйрық «Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларымен» толықтырылды.
Қағидаға сәйкес, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының cауда және интеграция, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде, Ақмола облысы мен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің тәртібіөзгертіліп, пилоттық режимде жұмыс жасай бастады.
Конкурс ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің "eqyzmet.gov.kz" сыртқы интернет-порталында жүзеге асырылады, яғни ешқандай тікелей байланыссыз онлайн түрде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін үміткергеинтернет, компьютер және веб-камерасының болуы жеткілікті. Осы құрылғыларды пайдаланы отырып, үміткер жеке сәйкестендіру нөмірін және ЭЦҚ енгізу арқылы жүйеде тіркеледі және конкурсқа қатыса алады.
Конкурс кезеңдеріне қатысқан кезде үміткердің дербес деректерін көрсетпей иесіздендіру үшін өтінім берген кезде жүйе оған дербес сәйкестендіру нөмірін тағайындайды. Яғни, конкурсқа қатысушы үміткер туралы ақпарат жасырын болады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін үміткер шекті мәні 50% құрайтын жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өтеді.
Одан кейінгі, конкурстың кезеңі – мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау. Бұл жерде үміткерге жалпы саны 50 сұрақтан тұратын логикалық және ситуациялық сұрақтар қойылады. Екі кезеңнің нәтижесімен жоғары балл жинаған үш үміткер конкурстың соңғы кезеңі – әңгімелесугежіберіледі.
Іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткер өзге адаммен ауысуына, жанында бөгде адамдар болуына, орнын тастап кетуге, экраннан бұрылуына және бейнекамераны ажыратуына болмайды.
Конкурс кезеңдерінен өту кезіндегі барлық жазылған бейнежазбабелгіленген тексеруші адамдардың бағалауымен жәнебақылауымен жүргізіледі.
Егер де үміткер тестілеу кезеңдерін тапсыру кезінде ережені бұзған жағдайда келесі кезеңге жіберілмейді.
Әңгімелесу сатысына өткен үміткерлер онлайн түрде қатысады. Конкурс комиссиясының мүшелері жүйемен таңдалған адамдардан тұрады, яғни бір-бірін танымайтын мүшелерден құралады.
Комиссия мүшелері үміткерлерді 1 мен 3 балл арасында бағалайды. Нәтижесінде барлық кезеңнен өткен үміткерлердің орташа баллы шығады және ең көп балл жинаған үміткерді жүйе конкурс жеңімпазы етіп таниды.
Жаңа жүйенің артықшылығы нағыз білімді және алғыр үміткерлердіңбос лауазымдарға орналасу мүмкіндігін арттыру болып табылады.
Қазіргі таңда Республика бойынша 566 конкурс өткізілді, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 4 конкурс осы жүйе арқылы өткізіліп, өз нәтижесін көрсетуде.
Бұл жоба бюрократиядан арылып, меритократия қағидасы сақталуының алғашқы қадамдарының бірі ғана, алдағы уақытта да мұндай жобалар көптеп қолдау табады деген сенімдеміз.
Гүлсая Мұратқызы Мұрат,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша
департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының жетекші маманы