Зейнетке шыққан соң зейнетақы қорындағы ақшаны түгел алуға бола ма
Көп адам зейнетке шыққаннан кейін қордан ақша алу мүмкін емес деп ойлайды. БЖЗҚ төлемдері бірнеше жылға созылады және негізгі зейнетақыға қосымша ретінде қызмет етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Krisha.kz-тің мәліметінше, қазіргі зейнеткерлер жылжымайтын мүлік және т.б. сатып алу үшін жиналған зейнетақысын ала алады.
Қалай алуға болатынын және зейнетақы мөлшері өзгере ме, айтып береміз.
Зейнеткердің жинаған ақшасын алуға мүмкіндігі бар ма?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) түсіндіргендей, зейнетке шыққандар жинағының бір бөлігін ала алады.
Бұл мүмкіндік міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) құралған зейнетақы қоры бар адамдар үшін ғана қолжетімді.
Маңызды шарт — зейнетақының жалпы сомасы бұрынғы табыстың, яғни зейнетке шыққанға дейінгі жалақының кем дегенде 40%-ын құраған жағдайда ғана ақша алуға болады.
Алуға болатын соманы есептеу үшін зейнетақы қорының кеңесшісіне хабарласу керек.
Әркімге жеке есептейді, БЖЗҚ мамандарына хабарласыңыз.
Қанша сома алуға болады?
Барлық соманы ала алмайсыз, жинағыңыздың 50%-дан аспайтын бөлігін ала аласыз.
Зейнетақы жарнасының сомасы 10 миллион теңге болса, 5 миллион ғана алуға болады.
Зейнеткерлер еңбек еткен жылдарына қарай БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін толықтай ала алады.
Қалай пайдалануға болады?
Алған ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге жұмсауға мүмкіндік бар.
Жиналған сома жеткілікті болса, зейнеткер пәтер, үй немесе үй салу үшін жер телімін (саяжайдан басқа) сатып ала алады.
Сома жеткіліксіз болса, ипотека рәсімдеп, бастапқы жарнаны зейнетақы қорындағы қаражатпен төлейсіз.
Бірақ бір мәселе бар. Банктердің көбі зейнеткерлерге ипотека бермейді. Дегенмен зейнетақы қорындағы ақшаны балаларға немесе туыстарға беруге болады.
Жинақты балаларға табыстауға бола ма?
Зейнеткер БЖЗҚ жинағын өзі үшін пайдалана алады немесе жақын туыстарына бере алады.
Олар:
жұбайы;
ата-анасы;
балалары (асырап алса да);
асырап алған ата-анасы;
өзі асырап алған балалары;
аға-інілері мен апа-сіңлілері, оның ішінде әкесі немесе анасы бір;
ата-әжесі;
немересі.
Туыстары зейнеткер алған қаражатқа ипотекалық несие рәсімдеуге өтініш бере алады. Несиесі болса, оны толық немесе ішінара өтей алады.
Қаражатты «Отбасы банктегі» туыстарының депозитіне аударуға болады.
Зейнетақы мөлшері өзгере ме?
Иә. Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдаланғандықтан БЖЗҚ-дан төлем алу мерзімі де қысқарады. Қалған сома толық таусылғанға дейін базалық және ортақ зейнетақыға қосымша ретінде қызмет етеді.
Анықтама ретінде
Қазақстан азаматтарының зейнетақысы үш бөліктен тұрады:
Базалық. Зейнет жасына жеткенде беріледі және еңбек өтіліне байланысты.
Ең төменгі базалық зейнетақы биыл — 28 215 теңге, ең жоғары мөлшері — 43 407 теңге.
Ортақ. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде 6 ай жұмыс істегендер ғана алады.
Ортақ зейнетақының ең төменгі мөлшері биыл 57 853 теңгені құрайды. Максимал мөлшері еңбек өтіліне және жұмыс уақытындағы жалақысына байланысты.
Жинақтаушы зейнетақы жеке зейнетақы жинақтарынан алынады. Жұмыс беруші қызметкердің жалақысының 10%-ын (1998 жылдан бастап күшіне енген) аударады.
Фото: ашық дереккөз