Арал аудандық соты 2023 жылдың 12 айының жұмысын қорытындылады

Сондай-ақ, есепті кезеңде 155 азаматтық істің өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылғаны, 5 азаматтық істің партисипативтік рәсім тәртібімен, 3 азаматтық істің татуласу келісімдерін жасасумен аяқталғаны, 2022 жылмен салыстырғанда татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған істер санының 51 іске ұлғайғаны айтылды.
Сот жұмысының басты бағыттарының бірі бұрыңғысынша сот жүйесі имиджін көтеру, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету болып табылатынын айтып, осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру мақсатында тұрақты түрде судьялар мен сот қызметкерлерінің сот қызметі туралы және өзге де өзекті тақырыптарда мақалалары жарияланып, ұдайы дөңгелек үстелдер, баспасөз мәслихаттары және азаматтарды қабылдау шаралары өткізіліп жатқандығын әңгімелеп берді.
Шара соңында К.Садуақасова журналистердің қойған сауалдарына жауап беріп, сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.
Арал аудандық соты