Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді, бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Сонымен қатар мамандардың айтуынша, 2024 жылдың 1 ақпанында Петропавл және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай әсерінен ауа сапасы нашарлайды.

Фото: egemen.kz
01 ақпан 2024 ж. 309 0