2 ақпанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері ел аумағында 2 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің дерегінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Қар жауады деп күтілуде, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауады.
ҚР бойынша тұман, боранмен бірге жел күшеюі мүмкін, оңтүстік, оңтүстік батыста көктайғақ болады, – деп жазды ведомстводан.
Фото: khabar.kz