Әлеуметтік сала мамандары қаңтар айы қорытындыланды

Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімінің жетекші маманы Неталин Айбек Малтайұлы 2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша айдың үздік қызметкері атанып, бөлім басшысы Е.Ашықбаев бөлімнің арнайы әзірленген "Айдың үздік қызметкері" ауыспалы кубогін тапсырды.
Бұндай игі бастама сала мамандарына жұмыс өнімділігін арттыруға, кемшіліктер болдырмауға өз септігін тигізері анық.

Келесі айдың үздігі кім атанар екен? Әріптестеріме сәттілік тілеймін!
Нұржан Блялов,
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімі маманы