Әлеуметтік қызметкерлер құрмет төрінде

Мерекелік іс шарада бөлім басшысы Е.Ашықбаев үздік сала мамандарына аудан әкімі С. Сермағамбетовтың алғысын табыстады.
Сонымен қатар, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атты республикалық байқауға қатысып, ережесіне сәйкес, барлық кретирилерден толық өтіп, қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз атанған басшы Еркін Ашықбаев пен бас маман Даулетияр Ермахановқа «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы»нің төсбелгісі куәлігімен және І дәрежелі дипломдары табысталды.
Бөлім қызметкерлеріне Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.
Бұндай игі іс шаралар, бөлім қызметкерлерінің жігерін арттырып, жұмысқа деген ыңтасын нығайтпақ. Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай бөлімде қызметкерлер бұрышы ашылып, естелік суретке түсті.
Қызылорда қаласында бөлімнің жас мамандары кәсіби мереке күніне орай Жұлдыз Кубейсинова мен Жаннұр Жүсіповаға филиал директоры А.Абибуллаева өз қолымен алғыс хаттарын табыстады. Әлеуметтік қызметкерлер күніне өте жоғары деңгейде аталап өтті.
Нұржан БЛЯЛОВ,
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Қызылорда облысы бойынша филиалының Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімінің жетекші маманы