Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен

Қызылорда облысының тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен

Қызылорда облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен адам екі күннен кейін табылды.

8 ақпанда Қармақшы ауданы Жосалы кентінің 2 тұрғыны автокөлікпен мал іздеуге шығып кеткен. Содан үйге қайта оралмаған.

«Оқиға Жосалы кентінен 80 шақырым жердегі «Қызғалдақ» учаскесінде болды. Іздеу барысында автокөлік бұзылып, оны жөндеу үшін көмек шақыру үшін екі азаматтың бірі автокөліктен шығып кеткен. Содан кейін қайта оралмаған. Оқиға бойынша арнайы іздестіру тобы құрылды. Нәтижесінде 10 ақпанда жоғалған азамат аман-есен табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жолда қалып қойған 4 мың жолаушыға көмек көрсетілді.

Ауа райының қолайсыздығынан «Самара-Шымкент» автомобиль жолының Қызылорда облысы аумағында тұрып қалған жолаушыларға көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі: inform.kz
Фото: ашық дереккөз
12 ақпан 2024 ж. 247 0