Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биологиялық белсенді қоспаның пайдасы мен зияны

Биологиялық белсенді қоспаның пайдасы мен зияны

Биологиялық белсенді қоспалар дегеніміз – тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи және табиғи тектес заттар. Биологиялық белсенді қоспалар дәрілік заттарға ұқсас дайын өнімде шығарылады, яғни таблеткалар, капсулалар, ұнтақтар, тұнбалар және т.б тәрізді болуы мүмкін. Бірақ олар дәрілік құрал болып табылмайды. Оны тағаммен қатар тұтынуға болмаса да, тағам құрамына қосып пайдалануға болады.
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар – тамақпен бір уақытта тұтынуға немесе тамақ өнімдерінің құрамына қосылатын, аминқышқылдары, витаминдер, микроэлементтер және басқа да әртүрлі қоректік заттардың ағзаға қосымша көзі бола алатын биологиялық белсенді қоспалар. Алайда ел арасында таралғандай ол қандай да бір ауруға ем болатындай қасиеті жоқ. Биологиялық белсенді қоспа адам ағзасына зиян ба?Биологиялық белсенді қоспаның басым бөлігі өсімдіктен алынады. Қолданылатын заттардың зияны да, пайдасы да бар. Бірақ зиян деген өсімдіктің де құрамында медицинаға қажет заттар болуы мүмкін. Сол үшін кейбір жағдайда биологиялық белсенді қоспаны дәрі-дәрмектен бөлек қосымша тағайындауы мүмкін. Дегенмен биологиялық белсенді қоспаны не құрамында биологиялық активті қосылыстары (БАҚ) бар дәріні басқа дәрімен қатар қолдану алдында дәрігерге қаралу қажет. Биологиялық белсенді қоспаларды жарнама арқылы сатып алған жағдайда, келесі жағдайларға назар аударылуы қажет:
-сауда атауының болуы
-атауы;
-өндірушінің және Қазақстан Республикасында өндірушінің шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлғаның мекенжайы;
-құрамына кіретін белсенді компонеттер туралы мәліметтер;
-қолдануға арналған негізгі көрсеткіштер мен ұсыныстар;
-дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, партия нөмірі, сақтау шарттары;
-қолдану тәсілдері және дозалары;
-негізгі жанама әсерлер мен қарсы көрсеткіштер;
-жүкті әйелдердің, сондай-ақ емізу кезеңіне қатысты айрықша нұсқаулар;
-өнімді босату шарттары;
-өнімнің мемлекеттік тіркеу куәлігінің болуы және оның номері мен берілген күніне назар аудару қажет.
Барлық биологиялық белсенді қоспалар Қазақстан Республикасында міндетті мемлекеттік тіркелуге жатады.
ЕСКЕРТЕ КЕТЕТІН ЖАЙТ: Сатып алмас бұрын Дәрі-дәрмектің сыртын немесе ішіндегі нұсқаулықты міндетті түрде оқыңыз. Құрамында биологиялық белсенді қоспасы бар дәріні тек аурудың алдын алу үшін қолданады. Ал ауруды толық емдеуге мұндай дәрінің күші жетпейді.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық СЭББ басшысы

Фото: gov.kz 

16 ақпан 2024 ж. 264 0