24 ақпанға арналған ауа райы болжамы
24 ақпанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен қар жауады, боран соғады, жел күшейеді.
Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман түседі деп күтілуде.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел солтүстік-батысқа қарай соғады, күші 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -31-33°C, күндіз -15-17°C.
Алматыда күн бұлтты, кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5°С.
Шымкентте күн ала бұлтты, өткінші қар жауып, тұман түседі деп болжанған. Солтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз 0-2°С.
Фото: ашық дереккөз