Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа кітап жарық көрді

Жаңа кітап жарық көрді

Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Әрбір адам үшін шыр етіп дүниеге келген соң сол жерде еңбектеп, тәй-тәй қаз басқан қасиетті мекені тым ыстық болады. Міне, осындай туған жерімізге тағзым ретінде жақында белгілі журналист, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Аманкелді Жаңбырұлы Өткелбаевтың «Пятыйдың тұрғындары» атауымен жаңа кітабы оқырманға жол тартты.
Бұл кітапты оқи отырып автордың Арал қаласының шағын ғана мөлтек ауданының өзіне тән тыныс-тіршілігін, автордың көзі көрген жандардың еңбегін айта келе, нақты осы жер адам өміріндегі киелі жер екенін, оны жергілікті тұрғындардың өмірімен, өткенімен және болашақпен байланыстырғанына көз жеткіздім. Сонымен бірге кітапта ұлтымыздың бала тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарап, ерекше мән бергені, әр салтында, әр ойынында психологиялық терең астар жатқаны нақты көрініс тапқан.
Жинақ үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім мөлтек ауданның өткен күндерінен әңгіме шертсе, екінші бөлімінде осы ауыл тұрғындары арасынан шыққан еңбек адамдары туралы естеліктермен таныстырады. Үшінші бөлімде өңір тарихына қатысты деректі мақалалар берілген.
Өлкетану бағытында жазылған «Пятыйдың тұрғындары» атауымен жарық көрген қызғылықты кітаптың жаныңды байытып, ізгілікті ізетімен есте қаларлықтай оқырманға берері көп.
К. ЗДЕНОВА
26 ақпан 2024 ж. 279 0