Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемнің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?

Көктемнің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 ақпан мен 3 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандар ұсынған болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болып, елдің оңтүстігі мен солтүстігіне әсер етеді. Осыған байланысты жел күшейіп, теріс температуралық фон сақталаы.

Тек Қазақстанның батысында күндіз термометр 10 градусқа дейін көтеріледі.

Фото: ашық дереккөз 
28 ақпан 2024 ж. 316 0