10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күн, дәлірек айтқанда 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Мамандар ұсынған болжамға қарағанда, апта соңында, яғни, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде аяз түсіп, қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын тоқтайды. Ел аумағына қарлы боран мен екпінді желді әкелген Скандинавиялық циклон біртіндеп қайтса да, бұрқасын әлі де сезіледі.
«Скандинавиялық циклон республикадан тыс жерлерге жылжиды, бірақ елдің басым бөлігінде бұрқасынмен бірге екпінді жел соғып, көктайғақ болады, ал жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды», делінген ақпаратта.
Одан бөлек синоптиктер Қазақстанның солтүстік жартысында температура фоны айтарлықтай төмендеп, түнде 20-28 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін төмендейтінін ескертті.

Фото: ашық дереккөз