Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп директоры жұмысынан босатылды

Мектеп директоры жұмысынан босатылды

Мектеп оқушылары гардеробқа барар жолда қысылып қалған, деп хабарлайды kaskelen.kz

Желіде Алматы қаласының мектептерінің бірінде ондаған мектеп оқушыларының баспалдаққа жиналған видеосы таралды. Оқушылардың кейбірі қысылып қалған. Қаланың білім басқармасында ақпарат расталды. Мектепте екі ауысымда 1426 оқушы оқиды, ал жоба бойынша мектеп 870 оқушыға арналған.

“Ағымдағы жылдың 27 ақпанында екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар көп жиналды. Мұның себебі-көрсетілген күні оқушылардың киіну процесін дұрыс ұйымдастырмау. Бұрын бұл мектепте мұндай жағдай байқалған жоқ. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады мектеп әкімшілігі

Оқу процессін ұйымдастыра алмаған мектеп директоры жұмыстан босатылды

Фото: kaskelen.kz
29 ақпан 2024 ж. 183 0