Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шебердің қолы көпке ортақ

Шебердің қолы көпке ортақ

Қазақ он саусағынан өнер тамған ісмер жандарға кен¬¬де емес. Солардың бірі – тігіншілік өнер арқылы қазақ қол өнерінің дамуына өз үлесін қосып, көптің көңіліне еңбегімен шаттық ұялатып, қазақ қыз-келіншектеріне өз білгенін үйретіп жүрген Арал ауданының жас тігіншісі, қолөнер шебері Пірімбетова Айжамал Маратқызы. Небәрі 24 жаста болса да өз кәсібін дөңгелетіп отырған Айжамал ханым бүгінде екі ұлдың анасы, асыл жар, ақылына көркі сай келін. 2015-2018 жылдар аралығында Арал қаласындағы АИТК колледжінде тігінші мамандығы бойынша білім алып, бүгінде тұрғындардың тілегін орындап, алғысын алып отыр. Жас тігінші өз кәсібін қалай бастағаны жайында: «2017 жылы жолдасымнан мәһрге тігін машинасын сұрадым, сол алып берген машинасымен кәсібімді бастап кеттім. Сол кезден бастап мен киім тігіп, үйден табыс тауып отырған анамын. Қазіргі таңда үйден бір бөлмені шеберхана етіп алған жайым бар» дейді.
Әрине, алғашқы еңбегің есіңде ерекше сақталады. Айжамал ханымның ең алғашқы тапсырысы №220 мектеп түлектерінен мектеп формаға түскен. «20-дан аса қыз болатын, қорқыныш болды. Бірақ Алланың қалауымен жақсы шықты. Содан кейін менде мектеп формаға тапсырыс артты. Қазіргі таңда ауылдық елді мекендермен де жұмыс істеп отырмын. Шижаға, Қарашалаң, Тоқабай, Қаратерең. Ауылдық жерлердің түлектеріне де форма тіктім» деп, алғашқы әсерін ерекше толқыныспен жеткізді.
«Шебердің қолы алтын» дейді атам қазақ. Сөзге шебер, іске де ұста халқымыздың мәдениетін паш ететін құндылықтарының бірі – оның қолөнері. Оюмен өрнектелген ұлттық киімдеріміз қазір жастардың арасында өте танымал, үлкен сұранысқа ие. Ал сол сұранысты қанағаттандырып, ұлттық стиліміздің даму жолында еңбек етіп жүрген тігіншілердің жұмысы мақтауға тұрарлық. Осы ұлттық киімдерге деген аудан тұрғындарының да сұранысы жоғары екен. Әсіресе мереке қарсаңында ұлттық нақыштағы киімдерге тапсырыс көбейген: «Әрине, мен де барынша ерекше үлгіде, ұлттық ою - өрнектермен киім тігуді қолға алдым. Этно стильдегі киімдерге сұраныс мектеп түлектерінен көптеп түсіп жатады».
Айжамал ханым қолөнер шеберлерін бір арнаға тоғыстырып, ұлттық өнер¬ді дәріптеу мақсатында тігін курсын да ашқан. Қыз-келіншектер арасында үлкен сұранысқа ие тігін курсына бүгінде екі келіншек қатысып, қазіргі таңда өз отбасыларында сүйікті істерімен айналысуда. Қатысушылар оффлайн түрде өтетін 1 айлық курстан 3-4 түрлі киім тігіу жолдарын меңгеріп шығады.
«Тігін ешқашан өлмейтін мамандық» деген сөзді ұран етіп, жас болса да бас болып, көптің алғысын алып жүрген келіншек үй шаруасында дөңгелетіп, отбасының ұйытқысына айналған. Жақындарынан қолдау тауып, кәсібімен еркін айналысатын Айжамал Маратқызы ата-енесіне дән риза екендігін жасырмады.
–Енемнің қолдауы керемет. Үй шаруасына үлгермей жатқан сәттерде көмек қолын созады. Немелерін әр кез еркелетіп, қарайласады. Кейде үлкен ұлымды әжесі қыдыртып алып кетеді, кіші ұлым атасымен бірге теледидар көріп отырады. Үйде жұмыс істеген қиын емес, ең бастысы отбасым жанымда, көңілім тыныш. Аяқ асты тапсырыс түссе, алаңдамай жұмысымды жасай беремін. Менің тігіншілік мамандығын таңдауыма әкем себепкер болған, қазір әкеме алғысым шексіз, – дейді.
Бүгінде Айжамал ханым өзі¬нің сүйікті ісімен айналысып, тігін¬шілік өнерді кәсіп етіп келеді. Қазақтың қыз-келіншектеріне арналған қол¬жетімді тігін сабақтарын ашып, өз ісіне шын берілген. Қа¬зақ қызының сұлулығын әд嬬¬мі көй¬лектерімен одан әрі көр¬кейтіп, нәрлендіруден шаршаған емес. Қазіргі таңда салт-дәстүріміз бен өне¬рімізді дә¬ріптеп, ұлттық на¬қыш¬тағы киім¬дерімізді мақтан етіп, «жүзігі ал¬тын болғанша, жү¬зі жарқын бол¬сын» деп ой түйе¬тін қазақ қыз¬дарының көбей¬гені қуан¬тады.
Айшабибі АСЫЛХАНҚЫЗЫ
07 наурыз 2024 ж. 265 0