Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тігінші – шығармашылық иесі

Тігінші – шығармашылық иесі

Әдетте жаның қалаған жұмысты жасау үлкен ізденістерге ұмтылдырады. Сол арқылы табысқа кенеліп, үлкен жобаларға жол ашылып жатады. Құлшына берілген істе шығармашылық ізденіс көп болса, табыс пен танымалдылық та сол жерде. Әрине мұндай жұмыстарға тігіншілік өнерді де жатқызуға болады. Өйткені ол да адам қиялынан туындайтын түрлі дүниелер жиынтығы. Сол арқылы кәсібін дөңгелетіп, үлкен мүмкіндіктерге ие болып отырған жандар қаншама! Сондықтан бұл саладан да үлкен үміт күту маңызды. Әлбетте ол әрбір жанның өзіне, жан қалауына байланысты. Мұнда алдымен тігінші болу маңызды.
Тігінші – бірнеше мамандықтар жиынтығынан құралған мамандық деуге болады. Ол жерде тігіншілік өз алдына, оған қоса дизайндық қабілет пен шығармашылық ізденіс қажет болады. Бұдан бөлек сән әлемінде нендей үлгідегі киімдер сұранысқа ие, соған мән беру маңызды. Сондықтан жыл сайын емес, маусым сайын түрленіп, жаңа үлгілерге сұраныс артып тұратын сән әлемінде тек тігінші болу жеткіліксіз. Мәселен, сәнді ұстануға, маталарды кесу және өңдеудің заманауи технологияларын меңгеру, тәжірибе алмасу және семинарларға қатысу, заманауи жабдықтарға тапсырыс беру қажет. Ең жақсы тігіншілер жаңа тенденцияларды қадағалайды. Ал клиенттер бұл туралы байқап, қайтадан шеберге келеді. Тұтынушылар тарапынан жасалған қолдау мен шынайы ризашылық тігіншіге арналған ең жақсы сыйлық деуге болады.
Жалпы тігінші мамандығын сирек кездеседі деп айтуға болмайды, сондықтан Арал индустриалды-техникалық колледжінде мұндай нәрселердің негіздерін үйренуге болады. Бірақ жұмысқа қажетті əрі қайталанбайтын дағдыларды алу үшін сіз тек іс жүзінде мамандыққа деген құштарлықты арттыра аласыз. Алдымен студенттер оқу тәжірибесіне қатысады, содан кейін олар жұмысқа үйренеді, өз-өзінен тігін тігуге машықтанып, ақырында өздерінің алғашқы жұмыс орнына келеді. Осы мамандықта бір-екі жыл кәсіптік практикада болып, осы шеберлікті меңгере аласыз. Ең бастысы, жұмыс және жауапкершіліктен қорықпау, оларды мүмкіндігінше меңгеру қажет. Сонда ғана сіз жетістікке жете аласыз.
Қазіргі таңда елімізде сән үйлері топтамасын көптеп кездестіруге болады. Атап айтар болсақ, «Нұр-Шах» сән үйі, «Ару» сән үйі, «Асыл-Дизайн» сән үйі, «Сымбат» сән үйі, «Aida KaumeNOVA» сән үйі, «Жанат Бақыт» сән үйі және «Ай-Аружан» тігін орталықтары бар. Бүгінде біздің колледжден бітіріп шыққан студенттер "Ай-Аружан" тігін орталығында жұмыс істеуде.
Г. ҚУАНЫШЕВА,
Арал индустриалды-техникалық колледжінің
өндірістік оқыту шебері
11 наурыз 2023 ж. 858 0