Лудомания-қоғам дерті

Үйдегі құнды заттар мен ақшаның жоғалуы.Қалтаңыздан,үйдегі жинақтан,әмияннан,картаңыздан,депозиттен үнемі ақша жоғалатын болса ол көз жұмып қарайтын дүние емес.Жақыныңыздың несие мен микрокредиттерге үйір екенін байқасаңыз барынша ашық сөйлесуге тырысып көріңіз.
Мәселеден қашу.Кейбір адамдар үшін құмар ойынын ойнау айналадағы болып жатқан сәтсіздіктер мен қиындықтардан уақытша алыстап,миды тынықтырудың таптырмас тәсілі болуы мүмкін.Алайда нағыз мәселенің өзі сол құмар ойында жатқанын өздері саналы түрде сезіне алмайды.Құмар ойыншылар әдетте уақытының көп бөлігін компьютерде,ойын залында өткізеді.Олар өздерінің әрекеттерін уақытша деп сендіргенімен,дерттің қалай дендеп бара жатқанын өздері де сезбей қалады.
Лудоманияның емі бар ма?
Құмар ойынға тәуелділікті емдеудің алғашқы қадамы-мойындау.Яғни ойыншы өзінің ойынға деген тәуелдігі бар екенін түсініп,мойындай алуы.Өз әрекеттерінің бұрыстығын біліп жағдайды өзгертуге талпынысы болуы керек.Кез-келген тәуелділік біржола емделіп кетпейтінін ескеруіміз керек.Сондықтан миды сол құмар ойындары туралы ақпараттардан алыс ұстап,өзін-өзі тежей білуі маңызды.Алкоголизмнен арылу үшін бір тамшы болсын ішімдік ішпеуі керек секілді,құмар ойыншыға тіпті бір символдық ставка тігуге болмайды.
Мамандардың айтуынша,ойынға тәуелді адамдар күйгелек,тұйық,қарыз сұрағыш болып келеді.Адамнан осы белгілерді айқын байқасаңыз барынша көмек беруге асығыңыз.
Себебі істің соңы ұрлықпен,,алаяқтықпен аяқталуы мүмкін.Мәселен, прокуратура дерегінше, былтыр 160 мыңдай қылмыс жасалса, оның 20 пайызы яғни, 30 мыңнан астамына құмар ойын себеп болған екен.Тізбектей берсек ойынқұмарлықтың қасіреті мен зардабы таусылар емес.. Ендігі мәселе сол кеселден арылып,келер ұрпағымызды сақтап қалуда болса керек.
Асылзат Жолдасова
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда университетінің 4-курс студенті