Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Лудомания-қоғам дерті

Лудомания-қоғам дерті

Лудомания деген сөзді соңғы кезде өте жиі естіп жүрміз.Яғни құмар ойынға деген тәуелділік.Қазіргі қоғамымыздағы дендеп келе жатқан үлкен дерт десек те болады.Бұл мәселені талай жерде қозғап,айтып жатқанымен шешімі әлі де табылмай келеді.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы лудоманияны психикалық ауытқуға әкелетін сырқаттардың қатарына қосқан.Денсаулық сақтау ұйымдарының берген мәліметі бойынша Қазақстанда шамамен 36 мың лудоман бар екен.Тіпті,онан да көп болуы мүмкін,себебі шарасыз қалып,көмек сұрайтындар саны күн санап өсіп келе жатыр дейді мамандар. Тіпті ажырасулардың 40%-ы осы құмар ойындарына тәуелділіктен болады екен.Көбісі құмар ойын нашақорлық пен маскүнемдікке қарағанда шешімі табылар мәселе деп ойлауы мүмкін,алайда олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ екенін көбі ажырата бермейді.Себебі кез-келген тәуелділік-ұзақ емді қажет ететін созылмалы ауру.Құмар ойындар миға дәл есірткі мен алкоголь секілді әсер етеді.Адамға психологиялық тұрғыдан өзгеше әсер етіп,тәуелді етіп қояды.Нәтижесінде ол казиноға қайта-қайта барып,ставкалар тіге бастайды.Лудоманияның ең бір қауіпті тұсы есірткі секілді заңмен тыйым салынып,шектелмеген.Керісінше,жарнамасы жер жарып тұрғандықтан ол кез-келген адамға қолжетімді болып тұр.Лудомандар біздің ортамызда,дәл жанымызда жүрген болуы да ғажап емес.Ал олардың белгілері қандай болады?
Жалған сөйлеу.Ойынға тәуелділігі бар адамдардың ең бірінші жасайтын әрекеті-өтірік айту және манипулация жасау.Лудоман өздерінің жасаған істері мен шығындары туралы жалған сөйлейді. “Қайда жүрсің” деген қарапайым сұраққа,мың түрлі сылтау айтып,сұрақ қоюшы тарапты айыпты етуі мүмкін.Егер өзіңіздің жақын адамыңыз дәл осылай өтірік айта берсе,бұл мәселенің ашығын анықтап алғаныңыз абзал.

Үйдегі құнды заттар мен ақшаның жоғалуы.Қалтаңыздан,үйдегі жинақтан,әмияннан,картаңыздан,депозиттен үнемі ақша жоғалатын болса ол көз жұмып қарайтын дүние емес.Жақыныңыздың несие мен микрокредиттерге үйір екенін байқасаңыз барынша ашық сөйлесуге тырысып көріңіз.

Мәселеден қашу.Кейбір адамдар үшін құмар ойынын ойнау айналадағы болып жатқан сәтсіздіктер мен қиындықтардан уақытша алыстап,миды тынықтырудың таптырмас тәсілі болуы мүмкін.Алайда нағыз мәселенің өзі сол құмар ойында жатқанын өздері саналы түрде сезіне алмайды.Құмар ойыншылар әдетте уақытының көп бөлігін компьютерде,ойын залында өткізеді.Олар өздерінің әрекеттерін уақытша деп сендіргенімен,дерттің қалай дендеп бара жатқанын өздері де сезбей қалады.

Лудоманияның емі бар ма?
Құмар ойынға тәуелділікті емдеудің алғашқы қадамы-мойындау.Яғни ойыншы өзінің ойынға деген тәуелдігі бар екенін түсініп,мойындай алуы.Өз әрекеттерінің бұрыстығын біліп жағдайды өзгертуге талпынысы болуы керек.Кез-келген тәуелділік біржола емделіп кетпейтінін ескеруіміз керек.Сондықтан миды сол құмар ойындары туралы ақпараттардан алыс ұстап,өзін-өзі тежей білуі маңызды.Алкоголизмнен арылу үшін бір тамшы болсын ішімдік ішпеуі керек секілді,құмар ойыншыға тіпті бір символдық ставка тігуге болмайды.
Мамандардың айтуынша,ойынға тәуелді адамдар күйгелек,тұйық,қарыз сұрағыш болып келеді.Адамнан осы белгілерді айқын байқасаңыз барынша көмек беруге асығыңыз.
Себебі істің соңы ұрлықпен,,алаяқтықпен аяқталуы мүмкін.Мәселен, прокуратура дерегінше, былтыр 160 мыңдай қылмыс жасалса, оның 20 пайызы яғни, 30 мыңнан астамына құмар ойын себеп болған екен.Тізбектей берсек ойынқұмарлықтың қасіреті мен зардабы таусылар емес.. Ендігі мәселе сол кеселден арылып,келер ұрпағымызды сақ¬тап қалуда болса керек.

Асылзат ЖОЛДАСОВА 
Фото: baq.kz
01 наурыз 2024 ж. 397 0