Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасындағы әкенің рөлі

Отбасындағы әкенің рөлі

Отбасы деген сөзді мен –ұл-мен қыздың  тәрбиелі,сабырлы,ақылды,парасатты,үлкен өмірге қадам басқанд аөмір сүрудің жолдарын көрсетуші үлкен одақ деп түсінер едім.Әке көрген-оқ жонар дейді.Отбасындағы әкенің орны өте үлкен деп түсінемін.Әке-отбасының асыраушысы,ақыл берер кеңесшісі,қиыншылық болған тұста әділ шешімін тауып,отбасындағы жары мен балаларына зиян тигізбей сақтайтын қорғаушысы,тірегі.Әр шаңырақта әкенің рөлі ерекше.  Әкенің мінез-құлқы,болмысы өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі-баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отбасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар рөлі ерекше. Қазақ халқында “Бір бала бар- атадан өте туады, бір бала бар- кері кете туады” деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.Әке-жаратылыстың бастауы.
Өмірде ұрпақтар тәжірибесі бар. “Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі”. Бұл жағынан алғанда, ұтарымыз көп. Бірақ әкелердің бәрі бірдей ұлына үлгі болып жатыр ма? “Бес саусақ бірдей емес”. Әкелердің де бәрі бірдей емес,әр түрлеріде болады.Ол әр адамның тағдырына немесе өскен ортасына,алған тәрбиесіне бәлкім байланыстыда болар
Баланың көз алдындағы әке бейнесі керемет сәттерге толы болып есте қалады. Әкенің тәрбиесін көріп өскен балада арман бар ма? Баланың ой-санасы ананың аялы алақанымен, әкенің нұрлы сөздерімен қалыптасады. Екеуі бірдей болмаса, бала толыққанды болмайды.
Дүниедегі ешбір оқу- әке мен ананың берген тәлім-тәрбиесін бере алмайды дегендей. Оқудан білім қонар, ал тағылымды тәрбие- тек әке мен анадан ғана берілетін қасиет. Әке мен ананың бергеніндей білім, ақыл, тәрбие еш жерде болмайды. Оны кітаптан табу қиын. Олардың тәрбиесі, Абай айтпақшы, бар тамырды қуалайды. Жүректен шығып, жүрекке жетеді. Әкенің балаға айтқан әңгімесі, баласымен бірге ойнап-күлгені, серуендегені, ел аралатып қыдыртқаны, жаңа адамдармен таныстырғаны, “балам” деп мақтанғаны, ата- бабасының, руының, елі мен жері кім екенін ұқтырғаны- тәрбиелік мәні терең дүниелер. Әке- өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті байланыстырып тұрған алтын көпір. Сол көпір арқылы әрбір ұрпақ өзінің болашағымен қауышады. Үй шаруасына ана жауапты болса, отбасының жалпы жағдайына әке жауапты. Ежелден қалыптасқан түсініктің бірі- “әке- үйдің асыраушысы”. Үйдегі жандардың аш қалмауын, киімдерінің бүтін болуын ойлайтын- әке. “Балаларым алаңсыз балалық шағын өткізсін, жарым ештеңеден қысылмасын, дастарханымыз мол болсын” деген ой әкенің көкейінен ешқашан кетпейді. Бұл табиғаттың заңдылығы да шығар. Өткен дәуірлерде де әке үйдің басты асыраушысы болды. Бүгінде де сол дәрежесінде де келе жатыр. Әкесі бар үйдің шаңырағы ешқашан шайқалмайды. Ол үйдің тәртібі де темірдей қатал. Қандай да болсын жағдайларда соңғы сөз- әкеде. Әкенің айтқанымен жүрген бала өз жүрісінен жаңылмайды. Әкені тыңдап өскен бала өмірдегі жолын табады. Жақсы азамат болып, еліне адал қызмет етеді. Себебі, баланың барлық арманы әкенің арманымен ұштасады. Әке өзінің баласын қандай күйде көргісі келетінін күні бұрын ойластырады. Әрине, ешбір әке өз баласына жамандық тілемейді. Ең асылын, ең жақсысын баласына беріп, “Мен көрген қиындықты балам көрмесінші” деп тілейді. Мұны сезіп, сол ойды өзіне түйіп, санасындағы терең түйсікпен түйсіне алса ,ол бала әкенің қуанар мақтанышы болары сөзсіз.Әдеби кітаптарда керемет батыр тұлғалы әкелер,ақпарат көздерінде отбасын тік ұстау алмай,әр түрлі отбасының шайқалуы туралы әңгімелер көп көзге түседі.Оларды оқимын бірақ толық ,өзімдегі сұрақтарға жауап іздеп таба алмай жатамын.Қазақ отбасы үш ұрпақтан тұрады.Ол: ата,әке,бала.Мен қыз бала болсамда атамды көрдім.Оның кішкентай жаста болсамда ертегілерін естідім,әкеме айтатын ақылдарында естідім.Әкем тамаша адам.Мүмкүн сол атам қазақи тәрбие мен дұрыс ақылы,жақсы сөзімен әкем жақсы анама жар,балаларына жақсы қамқоршы болған шығар.Ағаларыма білім алып,еңбектеніп,адал маңдай термен нан табудың жолдарын,ал маған қыз бала деп барлық қамқорлығын көрсетуде.Әкем сонда атамның ұрпағы,өз білгенін балаларына үйретіп көрсетсе оның ізін басатын ұрпағы ағаларым оны әрі қарай өз ұрпақтарына жеткізеді.Түйгенім:әке болып балаға жөн сілтеу ол аса маңызды және өте жауапты міндет деп есептеймін.Жеке тұлға қылып баланы тәрбиелеуде отбасында әкенің қолдаушысы ол ана деп түсінемін.Қоғамымызда көп жағдайда отбасындағы тәрбиеге көнбеген көп жастар,жаман келеңсіздікке ұрынып жатады.Барлық ата-ана еш уақытта баласына жаман тәрбиені бермесі қақ.Ата-анамызды қадірлейік,сыйлайық.Себебі бөтен адам сенің әкеңде,анаңда,бауырыңда бола алмайды.
Мәншүк Талғатқызы,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3 курс студенті
14 наурыз 2024 ж. 378 0