Заманның алтын ағымы

Құлдық сана тек қана технологиялық тұрғыда жүзеге аспайды. Ресей Империясы мемлекетіміздің үстерінен жекіп, өз идеологиясы мен менталитетін сіңіргені мәлім болар. Сол бір сайқал саясат бүгінгі қоғамға кері әсерін тигізуге. Нақтырақ айтқанда, көпшілік тілі мен ділін ұмытып кесапатты қоғам орнату үстінде. Орыстанған солтүстік, нарықтық мәжбүрлік, жеке басқа табынушылық, бәрі санамыздық құлдану үдерісінде екеніне айқын дәлел. Тіпті мемлекеттік тілмен қатар орыс тілінің жүруі қалыпты жағдайға айналып, қоғам арасында негативті көзқарас орнамауда. Біреулер "біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, қай тілде сөйлесекте өз еркіміз" деп ақталыпта жатады. Өзгенің тілі үстемдік еткен, өз тілінде сайрағанды "отсталый" санаған ұлтты қалайша тәуелсіз мемлекет деп атауға болады?
Жеке басқа табынушылық жайында сөз қозғасақ. Қазақстан Республикасында 30 жыл тақта отырған президентті "культ" санау қалыпты жағдайға айналды. Билікке сын айтқандар әділдікті ту еткені үшін зардап шекті. Потенциалы жоғары Орта Азияның орталығы атана отыра дамушы елдердің қатарынан әрі аса алмағанымыз тағы бар. Осының бәрін ескере отыра қалайша билік өкілдерін культ тұтуға болады? Қоғам арасында белең алып жатқан мәселелерге критикалық көзқарасымызды жеткізе алмасақ, бірден-бір уникальдығымыздың белгісі тіліміз бен мәдениетімізді сақтай алмасақ құлдан қай жеріміз артық?
Құлдық-тек қана күш көрсетумен ғана қоймай, арамза манипуляторлық жолменде жүретінін бірі білсе, бірі біле бермейді. Қоғам жаппай сауатын ашса, ұлттық құндылықтарын сақтай білсе, мидың жұмысын тежелейтін технологияларды лимиттен аспай қолдансақ қана құлдық санадан арылатынымызды ескергеніміз абзал.

Мәншүк Талғатқызы,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3 курс студенті