Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әрбір азаматтың ұстанымы адалдық болу керек

Әрбір азаматтың ұстанымы адалдық болу керек

Иә, қоғам дамып, мүмкүндіктер мен қажеттіліктер туындаған сайын дамушы мемлекеттердің әрбір саласына кесел боп жабысатын сыбайлас жемқорлық бүгінде біздің еліміз үшін аса бір ауқымды дертке айналып отыр. Онымен күрестің қай түрі қолға алынса да әзірге айтарлықтай нәтиже берер емес. Тіпті мұндай қадамға барғандармен ашық күрес жүргізілсе де өзгенің басындағы жағдайдан сабақ алмайтындар да табылып жатыр. Мемлекет басшысы да бұл мәселеде заңсыздықтарды қатаң айыптайды. Осы тұрғыда еліміздің жүрегі таза, адалдықты ту еткен әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтай отырып, өзге адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмей, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға үлес қоса алады. Бұл сіз бен бізге байланысты үздік ұстаным. Сондықтан біз ең алдымен пара алушы емес пара берушілердің қатарынан болмауымыз маңызды.
Заңдылығына келсек әрбір тұлғаның қажеттілігі заң шеңберінде және тиісті құрылым өкілдері арқылы жүзеге асады. Дей тұрғанмен мұндай әрекетте бармақ басты, көз қыстылыққа жол бермеу маңызды. Біз мұндай әрекеттерге саналы түрде жол беріп, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып қалу сынды жеке бас мүддесін ойлай беретін болсақ онда қоғам да, ел де дамымайды. Сондықтан әрбір азаматтың бойында адалдық және ашықтық ұстаным салтананат құруы маңызды. Онсыз біз ешнәрсеге шынайы түрде қол жеткізе алмаймыз.
Жаңатай ЖӘНІБЕК,
Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру
бөлімініңбөлімше командирі а.қ аға сержанты

Фото: ​el.kz​​​
17 наурыз 2024 ж. 277 0