Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамгершілік-асыл қасиет!

Адамгершілік-асыл қасиет!

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы еңбек пен ата-ана үлгісі.(Ы.Алтынсарин). Адамгершілік бұл отбасындағы берілетін тәрбиенің негізі дер едім.Рухани тәрбиенің бастамасы.Күнделікті өмірде-бұл тәрбиенің көрінісі:үлкенді сыйлау,кішіге құрмет көрсету.Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі келешек ұрпағымызға тәрбие беру.Егер өз қоғамымызда кез-келген адамның бойынан осы қасиет орын алса,ол сымбатты,парасатты көрінері сөзсіз.Адамгершілік-өзіміздің Асыл қасиетіміз.Бұл қасиет-жоғарғы мақсатқа жетудің бастамасы.Бұл қасиет сонымен бірге,бізді мейірімділікке,Отанымызды,елімізді,отбасымызды сүюге үйретеді.Бұл қасиет болмаса біз ең алдымен өз-өзімізді сыйлаудан қалар едік.Әлем адамның көптігінен құрымайды-адамгершілігі жақтардың көптігінен мүлдем кетеді дегендей барлығымыз сіз бен біздер қолдан келгенше кішкене отбасымыз дағы жеткіншектерден бастап осы адал өмір сүрудің,үлкен болашаққа жетудің,өзін кез-келген ортада көрсете алатын адамгершіліктік қасиетті олардың бойына сіңіре алатындай тәрбиеге атсалысайық.Болашақтың иесі,келешектің жеткізушісі солар.Адамгершілігіміз мол болсын.

Мәншүк Талғатқызы,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3 курс студенті
27 наурыз 2024 ж. 377 0