Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» ел аумағында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер мәлімдегендей, 2 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ел бойынша тұман, солтүстікте, солтүстік-шығыста – көктайғақ, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста – жел күшейеді деп болжанған», делінген ақпаратта.


Фото: ​egemen.kz​​​
02 сәуір 2024 ж. 177 0