Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі: - көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
- мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
1. Қызмет алушылардың құқығы бар:
1) көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға құқылы;
2) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік қызмет алуға құқылы;
3) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар,
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға құқылы;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылауларға қатысуға құқылы,
6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы;
7) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес цифрлық құжаттар сервисінен өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды пайдалануға құқылы емес.

Арал аудандық Сэбб басшысы А.САТЕКЕЕВА

Фото: egemen.kz
02 сәуір 2024 ж. 281 0