Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамыр айындағы мереке күндері бойынша демалыс күнін ауыстыру жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік 2024 жылдың 4 мамыр, сенбідегі демалыс күнін 8 мамырға ауыстыруды ұсынды.

Осылайша 4 мамыр жұмыс күні болса, 7,8, 9 мамыр қатарынан үш күн демалыс болмақ.

7 мамырда - Қазақстан қарулы күштерінің күні тойланса, 9 мамыр - Жеңіс күні атап өтіледі.

Ел азаматтары ұсынысты 25 сәуірге дейін талқылап, Ашық НҚА порталында пікір білдіре алады.

Сурет ашық дереккөзден алынды
18 сәуір 2024 ж. 156 0