Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы

19 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» ел аймақтарында 19 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады, - деп жазылған хабарламада.

ҚР бойынша желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман күтіледі.

Фото: baq.kz
19 сәуір 2024 ж. 216 0