Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде «Araldy Saqta» төлем картасы іске қосылды

Елімізде «Araldy Saqta» төлем картасы іске қосылды

Осыдан біраз бұрын Freedom Bank және Mastercard халықаралық төлем жүйесі Арал теңізін сақтау бойынша қайырымдылық бастамасын жариялаған болатын және Araldy Saqta төлем картасын іске қосуды ұсынды. Онда әрбір жасалған саудадан 10%-ға дейінгі мөлшерде кэшбэк Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорына аударылатын болады.
Araldy Saqta төлем картасы Арал теңізін құтқаруға үлес қосып қана қоймай, оның иелеріне бірқатар артықшылықтар береді. Жаңа өнім қаражатты алуға және аударуға, сондай-ақ депозитте қаржыны үнемдеуге және банктен соманың қалдығына ай сайынғы сыйақы ала отырып, сатып алуларды тікелей картадан лезде төлеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте қосымшаға кіруге және ағымдағы және депозиттік шоттар арасындағы аударымдарға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, өйткені олар автоматты түрде жүргізіледі. Карта бір уақытта теңгемен, доллармен, еуромен және рубльмен шығарылады.
Карта адамдарға Қазақстанда және бүкіл әлем бойынша Mastercard карталарын қабылдаудың 100 миллионнан астам нүктесінде күнделікті сатып алуды жеңілдету үшін халықаралық төлем жүйесінің қауіпсіздігі мен артықшылықтарына кепілдік беретін Masterсard озық технологияларын пайдаланатын болады.
Бүгінде пайдалануға жарамды картаны Freedom SuperApp қосымшасынан немесе Freedom Bank филиалдарының Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларындағы картоматтарынан Araldy Saqta арнайы тетігін басып, онлайн ашуға болады.
Бұл туралы Орталық Азиядағы Mastercard-тың бас директоры Рафал Трэпка:
– Бүгінгі таңда климаттың өзгеруі әрқайсымызға кері әсер етеді. Біз бұл жағдайда бизнес экологиялық жағынан жауапты болуы керек деп санаймыз, өйткені экономикалық өсуге ғаламшар ресурстарының сарқылуы арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Mastercard-та «Жақсылық жасау арқылы әлемді жақсарту» деген маңызды қағида бар. Сондықтан осы идеямен бөлісетін серіктестермен бірге біз компаниялардың тұрақты дамуға бағытталған күш-жігерін біріктіруге және қоршаған ортаны қорғауға айтарлықтай үлес қосуға тырысамыз. Бүгін біз қауіпсіздікті, сенімділікті және пайдаланудың қарапайымдылығын, сондай-ақ Mastercard ұсынатын және белгілі бір экологиялық акцияға қатысуға бірегей мүмкіндік беретін барлық мүмкіндіктерді сақтайтын тағы бір Mastercard картасын ұсындық. Біз бұл жобада Freedom Bank-тің серіктесі болғанымызға қуаныштымыз, өйткені біз оны әлеуметтік жауапты бизнестің жарқын үлгісі және қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды қадам деп санаймыз, – деп пікірін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті болып сайланған еді. Қазақстан Ұйымды үш жыл бойы басқарады және Арал теңізін құтқаруға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірлескен мемлекетаралық экологиялық және ғылыми-практикалық бағдарламалар мен жобаларды іске асырумен айналысуды жоспарлап отыр.
Гүлмарал САҚТАПОВА

Сурет: qamshy.kz
24 сәуір 2024 ж. 216 0