Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тараптар партисипативтік келісімге келді

Тараптар партисипативтік келісімге келді

Арал аудандық сотында талап қоюшы М-ның жауапкер С-дан ақша қаражатын өндіру туралы талабы партисипативтік рәсім (екі тарап адвокаттарының жәрдемдесуімен дауды реттеу) тәртібімен реттелді.
Талап мәні бойынша, жауапкер талап қоюшыға берешегін қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай, талап қоюшы одан 440 000 теңге өндіріп беруді сұраған талаппен сотқа жүгінген.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, заңнамадағы татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген. Нәтижесінде тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.
Оның шарттары бойынша талап қоюшы жауапкерге қойған талабынан бас тартады, ал екінші тарап, берешегін келісімде көзделген мерзімде төлеп құтылуды міндетіне алған. Партисипативтік келісімге тараптардың адвокаттары қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.
Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес, сот, егер тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Осыған орай, сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Арал аудандық соты
30 сәуір 2024 ж. 273 0