Тараптар партисипативтік келісімге келді

Талап мәні бойынша, жауапкер талап қоюшыға берешегін қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай, талап қоюшы одан 2 000 000 теңге өндіріп беруді сұраған талаппен сотқа жүгінген.
Сот отырысында тараптардан дауды партисипативтік тәртіпте реттеу туралы өтінішхат түскен. Оның шарттары бойынша талап қоюшы жауапкерге қойған талабынан бас тартады, ал екінші тарап, берешегін келісімде көзделген мерзімде төлеп құтылуды міндетіне алған.
Партисипативтік келісімге тараптардың адвокаттары қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі