Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдептілік - мемлекеттік қызметтің ұстанымы

Әдептілік - мемлекеттік қызметтің ұстанымы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасқаннан бері мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, олардың әдептілігі маңызды, себебі әдептілік мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік басқаруды жаңаша ұйымдастыру - Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы басты фактор.
Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттырып, халықпен кері байланысты жақсарту, адамға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру бағытында заман талаптарына сай біршама өзгерістер орын алуда.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің және бұзушылықтардың профилактикасы бағытында Әдеп жөніндегі кеңес рөлінің маңыздылығын атап өткен жөн.
Жалпы, Әдеп жөніндегі кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережеге» сәйкес жүзеге асырады.
Кеңес – Агенттіктің алқалы органы болып табылады және өз жұмысында заңдылық, объективтілік пен әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану қағидаттарын басшылыққа алады.
Соңғы жылдары Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған мәселелерге салыстырмалы түрде келетін болсақ, кеңес отырыстарында профилактикалық бағыттағы мәселелерді қарау жылдан жылға артып келеді.
Мәселен, 2022 жылы Әдеп жөніндегі кеңеспен 86 мәселе қаралса, оның 45-сі тәртіптік істерді, ал 41-і профилактикалық бағыттағы мәселелерді құраған.
Бұл дегеніміз, қаралған мәселелердің 47%-ы профилактикалық бағытта, яғни бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бағытында болған. Аталған профилактикалық жұмыстардың нәтижесі 2023 жылы мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәртіптік бұзушылықтардың азаюына өз септігін тигізді.
Себебі, 2023 жылы Әдеп жөніндегі кеңеспен 49 мәселе қаралса, оның 15-і ғана тәртіптік істер болып, 34-і профилактикалық бағыттағы мәселелерді құраған. Яғни, профилактикалық бағыттағы мәселелердің пайыздық үлесі 69%-ға дейін жетіп, Әдеп жөніндегі кеңеспен профилактикалық бағыттағы мәселелерді қарау тәжірибесі жылдан жылға артып келеді.
Бұдан бөлек, қазіргі таңда кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қорғалуы бағытына аса назар аударып келеді.
Тәжірибеде мемлекеттік қызметшілердің қандай да бір құқық бұзушылығы туралы және олардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы құзырлы органдардан ұсыныстар түседі.
Ұсыныс негізінде, олардың әрекеттеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, жинақталған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Әдеп жөніндегі кеңестің қарауына ұсынылады.
Статистикалық мәліметтерге келетін болсақ, 2022 жылы 45 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қаралып, олардың 32-не әр түрлі тәртіптік жазалар қолданылған. 13 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік істер тоқтатылған. Тоқтатылған істердің пайыздық үлесі – 28% құраған.
Ал, 2023 жылы 15 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қаралса, олардың 5-не әр түрлі тәртіптік жазалар қолданылған. 10 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс олардың әрекеттерінде бұзушылық анықталмауына байланысты тоқтатылған. Осылайша, тоқтатылған істердің пайыздық үлесін 66%-ды құраған.
Биылдың өзінде, 11 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қаралса, олардың 8-не қатысты тәртіптік іс әрекеттерінде бұзушылық анықталмауына байланысты Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен тоқтатылған.
Бұл ретте, Әдеп жөніндегі кеңес өз жұмысында профилактикалық бағыттағы жұмыстарға аса назар аударатыны және шешімдердің басым бөлігін мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуы бағытына қабылдайтынын байқауға болады.
Сакен Бауыржанұлы Жумаев,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы
14 мамыр 2024 ж. 338 0