Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады?

Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады?

Маусымда Қазақстанда Құрбан айт тойланады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылы Құрбан айт мерекесі 17 маусымға сәйкес келеді. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер үшін 15, 16, 17 маусым демалыс болады. Дегенмен діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.

Айт - мұсылмандардың ұлық мейрамы. Ислам дінінде екі айт мейрамы бар. Ол Ораза айт, Құрбан айт деп аталады. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының 1-3 күндері өтеді. Құрбан айт Ораза айттан соң 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады.

Сурет: ашық дереккөз 

22 мамыр 2024 ж. 103 0