Еңбек демалысы кезінде МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін қалай жоғалтпауға болады?

Қала маңындағы Белкөл кентінің мектебінде 300-ге жуық адам жұмыс істейді, оның 150 - і мұғалім. Осы күндері қызметкерлер жыл сайынғы 56 күндік еңбек демалысына шығуда.
ӘМСҚ филиалының мамандары 2024 жылғы 21 сәуірден бастап қызметкерлердің ұзақ мерзімді демалысқа шығуы кезінде жарналар мен аударымдарды төлеуге қатысты түзетулер заңды күшіне енгенін еске салды. (толығырақ – https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015361)
«Мысалы, мұғалімнің еңбек демалысы 2024 жылғы 25 маусым мен 18 тамыз аралығында (56 күнтізбелік күн) кезеңге келеді. Бұл жағдайда МӘМС-ке төлемдерді аудару маусым айында (демалыс төлемдерін төлеу кезінде) маусым, шілде, тамызға бөлінген үш жол бойынша бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылуға тиіс. Әр ай үшін сома тиісті демалыс күндеріне сәйкес, маусымда 7 күнге, шілдеде 31 күнге және тамызда 18 күнге есептеледі», - деп түсіндірді ӘМСҚ облыстық филиалының бөлім басшысы Ғалымжан Салықов.
