Аралда "Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда

Сенбілік барысында қала көшелері мен қоғамдық орындар, кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандар маңы тазартылып, күл-қоқыстар арнайы техникалардың көмегімен тиісті орындарға шығарылды. Сонымен қатар елді мекендерге баратын автожолдардың жиегінде өскен шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді.
Туған өлке тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Барлық аудан тұрғындарын ортақ мекеніміздің таза, келбеті көрікті болуына атсалысуға шақырамыз.


"Толқын" ақпарат