Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілік серпіні

Сенбілік серпіні

Республика көлемінде өткізіліп жатқан  «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында аудан көлемінде кезекті сенбілік өткізілді.
Тазалық жұмыстарына еңбек ұжымдары, белсенді жастар мен ерікті тұрғындар атсалысты.
Сенбілік барысында қала көшелері мен қоғамдық орындар, кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандар маңы тазартылып, күл-қоқыстар арнайы техникалардың көмегімен тиісті орындарға шығарылды.
Сонымен бірге ағаш көшеттері отырғызылып, талдардың түбі əктеліп,  туған жердің көрікті келбетін айшықтайтын тарихи орындар мен ескерткіштердің, саябақтардың айналасы қоқыстан тазартылды.  
Туған өлке тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет.  Бұл бағыттағы  жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Барлық аудан тұрғындарын ортақ мекеніміздің таза, келбеті көрікті болуына атсалысуға шақырамыз!
"Толқын" ақпарат
21 сәуір 2024 ж. 189 0