Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауынның жаңа сорты көбейеді

Қауынның жаңа сорты көбейеді

Жақында Ташкент қала­сын­да «Көкөніс бақша дақылдары мен картопты іріктеу, тұқым шар­уа­­­­шылығында және өнім өндіруде ресурстарды үнем­дей­тін және қар­қынды технологияларды қолданудың ғылыми негіз­дері мен келешегі» атты халық­аралық ғылы­ми-конференция өтті. Оған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда уни­вер­ситетінің ғалымдары қатысты. Біздің ғалымдар онда аталған жоғары оқу орны мен «Өзбек көкөніс, бақша және картоп шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтымен екіжақты меморандум аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Конференцияда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда универ­си­тетінің Ботаникалық бағы мен жылыжай меңгерушісі, ауыл шаруа­шы­лығы ғылым­да­­рының кандидаты Самалбек Қосанов баян­дама жасады. Ғалым өз баян­дамасында еліміздегі қа­уын шаруа­шылығын дамыту мақ­са­тын­­да Әмудария мен Сырдария өзендері ара­лы­ғын­да­ғы өсетін қауын сорт­тарының құ­рамын талдады. Сондай-ақ осы сала­дағы өзекті мәселелер мен кли­маттық өзгерістер, қауынды қайта өңдеу­де сорттық ерек­ше­лік­теріне мән беру, ғалымдар мен диқандар арасындағы байланысты одан әрі дамыту жөніндегі ойларын орта­ға салды.

Қызылордалық ғалымдар өздері да­йын­даған бес түрлі қауын сортын сынақтан өткізуді өзбек ғалым­­да­рына берді. Ал олар­дың ерте, орташа, кеш пісетін қауын сорттарын Сыр бойында тәжіри­беден өткізеді. Бұдан бөлек, С.Қосанов үлкен ғылыми ізденістен кейін бә­секеге қабілетті, тасымалдауға төзімді, сақ­тауға жа­рамды, тәтті қауын­ның жаңа сорт­тарын шыға­ра­тынын жет­кізді.

Отандық ғалымдардың ғы­­лы­ми еңбектерін «Өзбек көк­өніс, бақ­ша және картоп шаруа­шы­лығы» ғылыми-зерттеу инс­ти­ту­тының бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылым­да­рының докторы, про­фессор Рустам Низомов жоғары баға­лады.

Алдағы тамызда Өзбекстан ғалымдары Қызылорда облысына келіп, қауын шаруашылығымен таныспақ.

Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: ашық дереккөз 
14 маусым 2024 ж. 229 0