Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге арналған оқыту-семинарына шақырамыз

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге арналған оқыту-семинарына шақырамыз

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер үшін «Біліктілік орталығының» ұйымдастыруымен аймақта маусым-тамыз айлары аралығында оқыту-семинарлары өткізілетіндігін хабарлайды.
2015 жылдан бастап «Атамекен» ҰКП жанынан ауыл шаруашылығымен айналысатын  фермерлердің білімі мен біліктілігін жетілдіру мақсатында  арнайы «Біліктілік орталығы» ЖШС ашылған болатын.  
Серіктестік қызметінің басты міндеті – кәсіпкерлік субьектілеріне және кәсіпкерлікті жүргізуге бастамасы бар халыққа біліктілігін жетілдіру арқылы қолдау көрсету. Орталық ауыл шаруашылығының негізгі екі саласы: мал және өсімдік шаруашылығы бағыттары бойынша тегін семинарлар өткізіп, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне теориялық және практикалық бағыттарда кеңестер береді.
2019 жылы облыс бойынша 5 семинар өткізу жоспарлануда. 
- маусым, шілде айларында өсімдік шаруашылығы бойынша Қызылорда қаласы «Қызылорда» білім тарату орталығында дәнді, майлы және бұршақ дақылдары туралы 2 семинар;
- шілде, тамыз айларында етті мал шаруашылығы бағыты бойынша Жаңақорған ауданындағы «Заман Ата» шаруа қожалығында және «7 КZ Сыр табиғаты» шаруа қожалығында жеміс-жидек дақылдары туралы 2 семинар;
- тамыз айында бақша дақылдары туралы Қызылорда қаласындағы жеке кәсіпкер «Жаса Агро»-да 1 семинар өтеді.
         Семинарды өткізуші спикерлер:
         - мал шаруашылығы бағыты бойынша «Біліктілік орталығының» сарапшысы Думан Нағашыбекұлы    ;
         - егін шаруашылығы бағыты бойынша Қазақ Ұлттық Ауыл шаруашылығы Университетінің «Агрохимия және топырақтану» кафедрасының профессоры Айгүл Жаппарова;
         - егін шаруашылығы бағыты бойынша «Қайнар қазақ көкөніс-бақша» ғылыми-зерттеу институтының бас агрономы Жарас Мамырбеков;
         - егін шаруашылығы бағыты бойынша «Ы. Жақаев атындағы қазақ күріш» ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Әсет Тоқтамысов;
         -  егін шаруашылығы бағыты бойынша «Ы. Жақаев атындағы қазақ күріш» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Камалдин Шермағанбет;
         - егін шаруашылығы бағыты бойынша «Ы. Жақаев атындағы қазақ күріш» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Жанұзақ Байманов.
         Семинарға қатысуға ниет білдірген ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері Кәсіпкерлер палатасының  сарапшысы Алма Пірмановаға хабарласа алады. байланыс телефоны: 8 /7242/ 40-09-81, 8 701 560 11 27, 8 747 354 74 51.
Қызылорда облысы
 кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
20 маусым 2019 ж. 1 047 0