Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аққұмдық жас кәсіпкер

Аққұмдық жас кәсіпкер

Ауданда мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіп ашатын кәсіпкерлер көбею де. Дүкен ашып, сауда-саттыққа тікелей көшкеннен гөрі белгілі бір кәсіптің түрімен айналысуға ден қойғандардың қатары қалың. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік бағытта оң ұсыныстар мен қолдауларды мүлт жібермей, халыққа кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келе жатқан Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің жұмысы өз ісін бастаймын дейтін жастарды да жігерлендіріп, жалын сыйлап келеді.
Осындай қолдаудан қанаттанып өз ісін дөңгелеткен жастардың бірі Аққұм ауылдық округі, Шижаға ауылының тұрғыны "Жас кәсіпкер" жобасының қатысушысы Сәуле Мұратбекқызы Алмағанбетова. Бүгінде наубайхана ісін көркейтіп отыр.
Аграрлық несие корпорациясынан 2,5 пайыздық мөлшерлемемен несие алған ол бүгінгі таңда ауылдағы 4 дүкенді нанмен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Тәулігіне 100 нан шығарып, оны тұтынушыларға ұсынып отырған жергілікті жас кәсіпкер алдағы уақытты еңбекті өнімділігін арттырып, өнімін тарату көлемін кеңейтіп, кәсіптен қол үзбей алдағы жоспарларын жүзеге асыруды көздейді.

Онталап ЖОЛДАСОВ





18 маусым 2024 ж. 159 0