Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауқымды жоба «IQanat» олимпиадасы өз мәресіне жетті

Ауқымды жоба «IQanat» олимпиадасы өз мәресіне жетті

Ауыл балаларына арналған ауқымды жоба «IQanat» олимпиадасы өз мәресіне жетті. 8 айға созылған бірегей білім бәйгесіне 50 мыңнан астам оқушы қатысып, ақтық мәреге мың бала ғана өткен болатын. Қабілетті әрі ынталы балалар жиналған айтулы додада №74 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нұрғиса Қасенұлы өзгелерден оза шауып, Республика бойынша 100 балаға ғана берілетін «IQanat» мектебінің грантын жеңіп алды.
Ауылдан арманға қанат қаққан шәкіртімізді айтулы жеңісімен құттықтай отырып, әлемнің ең іргелі жоғары оқу орындарында білім алуына тілектестік білдіреміз!
#аралауданы
#bilimqzo
Арал аудандық білім бөлімі
24 маусым 2024 ж. 188 0