Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық «Менің Отаныма – менің бастамам» байқауы өтті

Облыстық «Менің Отаныма – менің бастамам» байқауы өтті

Қызылорда облыстық білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 сәуірінде «Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалардың республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Арал ауданы атынан осы байқауға түрлі номинациялар бойынша озық ойлы шәкірттеріміз қатысып, барлығы да табысты оралды.
«Жаңғырту полюсі» номинациясы бойынша қатысқан №231 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Талғатқызы Мерейлім және «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар және мәні» номинациясы бойынша қатысқан №231 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Аманқұлов Мейірбек жүлделі І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.
«Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша қатысқан №59 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Кемалиева Гүл ІІ орын иесі атанды.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы бойынша қатысқан №59 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Өтеген Шұғыла мен «Отаным-қасиетті туған жерім» номинациясы бойынша қатысқан №59 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Едігеева Гүлім ІІІ орын иеленді.
«Жақсылық керуені» номинациясы бойынша қатысқан №220 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Құндақбаев Арман Алғыс хат алды.
Шығармашылық жобаға қатысып, өзіндік зерттеу бастамалары мен шығармашылық ой өрістерін таныта білген оқушыларымыздың жеңістеріне құтты болсын айтамыз!
Республикалық кезеңге қатысатын №231 орта мектебінің оқушылары Талғатқызы Мерейлімге және Аманқұлов Мейірбекке сәттілік тілейміз!
Арал аудандық білім бөлімі
14 сәуір 2024 ж. 142 0