Оқушылар республикалық сайыстың жолдамасын олжалады
Облыстық тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Ұлттық мектеп лигасының» облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Сайыс қорытындысы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында асық атудан аудан намысын қорғаған №76 негізгі мектебінің оқушылары бірінші орынды иеленсе, бес асықтан №61 орта мектебінің оқушы қыздары да қарсылас шақ келтірмеді. Екі команда да сайыстың Республикалық кезеңінде өнер көрсетіп, аудан намысын қорғамақ.
Ұлттық спортты жанына серік еткен, жеңімпаз шәкірттерімізді құттықтай отырып, алдағы жарыс жолына сәттілік тілейміз!
Арал аудандық білім бөлімі